kz

RU
EN
KZ
«Астана» U-12 чемпион атанды
25 қыр 2023


«Астана» футбол орталығының 2011 жылғы шәкірттері Черногорияда өткен PODGORICA TROPHY 2023 халықаралық турнирінде чемпион атанды. Бұл турнир 14-17 қыркүйек аралығында өтіп, оған 9 елден (Черногория, Сербия, Испания, Ресей, Хорватия, Болгария, Венгрия, Босния және Герцеговина, Қазақстан) 20 команда қатысты.

А тобына түскен жігіттер Zlatna Lopta (7:0), MKM (5:0), Zabjelo (3:0), Titograd (2:1) командаларынан басым түсті.

Ширек финалда Vojvodina командасымен кездесіп, есеп тең түсіп (4:4), пенальтилер сериясында жеңді (3:2).

Бүгін жартылай финалда «Црвена Звездамен» ойнап, Тілешев Даниэльдің қос голы арқасында таразы басын теңестіріп (2:2), пенальтилер сериясында (3:2) біздің жігіттер қарсыластан айласын асырды.

Астана уақытымен 16:00-де сербиялық Stari Aerodom командасымен финалда кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.



Турнирдің үздік ойыншысы – Тілешев Даниэль, үздік қақпашысы - Тян Максим, ал үздік жартылай қорғаушысы – Тян Артём.

Команданың бас бапкері Жоламан Табиғат, ал көмекшісі Әнуар Төкенов.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Бас серіктес