kz

RU
KZ
«Астана» жанкүйерлерге арналған SuperApp қосымшасын іске қосты
«Астана» футбол клубы швейцариялық Blocksport компаниясымен серіктестікте әзірленген жаңа мобильді қосымша – SuperApp-ты ресми түрде іске қосты.
19 мау 2025

Бұл қосымша жанкүйерлерге қажеттінің бәрін біріктіреді: жаңалықтар, фото және видео материалдар, матчтар күнтізбесі, турнирлік кестелер, билеттер, эксклюзивті контент, сондай-ақ фан-чат пен матч кезінде трибуналардан тікелей байланыс мүмкіндігі. Барлығы – бір ыңғайлы цифрлық кеңістікте жинақталған.

Жаңа қосымшаның арқасында «Астана» өз жанкүйерлеріне, олар қай жерде жүрсе де, командамен әрдайым байланыста болудың заманауи әрі қолайлы тәсілін ұсынады.

Бас серіктес