kz

RU
KZ
Бабаян – «Жеңіспен» өткен матч туралы
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Кубогының ширек финалындағы «Жеңіс» командасына қарсы өткен ойынды қорытындылады.
15 мам 2025

– Кубок матчы, елордалық дерби, астаналық қос команда. Бүгін мен үшін жақсы ойын болды. Біз алғашқы минуттардан бастап ойын тәжірибесі қажет аяқдопшыларды алаңға шығардық – бұл басты мақсатымыз. Шыққан ойыншылар 80-85 минут бойы өте жақсы өнер көрсетті, басымдық танытты, гол соқты. Барлығы жеңіспен аяқталардай көрінген еді, өкінішке қарай, соңғы секундтарда түсініксіз бір гол жіберіп алдық. Содан кейін қосымша уақыт, пенальтилер сериясы – бұл нағыз лотерея. Қолдан келгенше тырыстық, жігіттер бар күшін алаңда қалдырды. Олардан кінә іздеудің, сын тағудың қажеті жоқ, себебі алаңда немқұрайлы ешкім болған жоқ – бұл маңызды. Ойнаған жігіттер үшін бұл тәжірибе болды, және ең бастысы – олар сол тәжірибені ала алды. Бізге әрі қарай жылжу керек, уақыт аз, келесі матч жексенбіге жоспарланған.

 

– Қазақстан Кубогының екі кезеңі бойынша байқағанымыз, алаңға көбінесе қазақстандық ойыншылар шықты. Екі матчта да «Астана» негізгі уақытта қарсыласын жеңе алмады – «Оқжетпес» пен «Жеңіспен» өткен матчтар. Жанкүйерлердің ойынша, бұл қарсыластарды «Астана» қиындықсыз жеңуі керек еді. Мұнда бір байланыс бар ма?

– Жоқ, ешқандай байланыс жоқ. Мен ойыншыларды жергілікті не легионер деп бөлмеймін, бұл туралы бұрын да айтқанмын. Біз аяқдопшыларға ойын тәжірибесін бергіміз келді. Қазіргі жағдайымызда жігіттердің ойын ырғағын жоғалтпауы өте маңызды. Басқа ойыншылар шыққанда не болар еді – қазір оны дөп басып айта алмаймын. Себебі шыққан жігіттер бар күш-жігерін жұмсады. Ең маңыздысы да осы.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес