kz

RU
KZ
Бабаян – «Жетісумен» өткен матч туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жетісу» командасымен өткен матч туралы:
00:00, 07 шіл 2025

– Ойынның құрылымы жағынан өте жақсы матч өткіздік. Бастапқыда бейімделуіміз қиындау болды, бірақ 10-шы минуттан бастап ойынды бақылауға алдық, шабуылда есеп ашар сәттер жасадық, қорғаныстағы ойынымыз да ұнады.

Сырттағы матч болғанына қарамастан, барлық фазада ұйымдасқан түрде ойнадық, қарсыласқа еш мүмкіндік берген жоқпыз. Негізінде, олардың бірінші таймда бір ғана соққысы және екінші таймда бір ғана доп соғатын сәті болды. Жалпы, біз басымдықпен ойнадық, қысым жасадық, голды ертерек соғуға да болар еді, бірақ мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадық. Ақыры, 44-ші минутта бірінші голды соқтық. Шабуылды жақсы аяқтадық, сапалы ойнап, үзіліске ыңғайлы есеппен шықтық.

Екінші таймда қарқынды арттыру керек екенін түсіндік. Қарсыласқа сенімділік беруге болмайтынын, өз алаңында өз жанкүйерлерінің қолдауы арқасында бізге қысым болуы мүмкін екенін білдік. Сол себепті өз ойынымыздан таймай, қарсыласқа өз ойынымызды таңуға тырыстық.

Екінші таймда да көптеген мүмкіндік болды. Бүгінгі ойында команда толығымен беріліп ойнады – олар өздеріне жүктелген міндеттерді жақсы қабылдады. Қарсыласымызға еш мүмкіндік бермей, жақсы матч өткіздік, тамаша голдар салдық, сондай-ақ Томасов аңызға айналардай гол соқты, бірақ есептемей қойғаны болмаса. Бастысы, үш ұпай алдық.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес