kz

RU
KZ
Бабаян – «Елімаймен» өткен матч туралы
«Астана» командасының бас бапкері Григорий Бабаян «Елімаймен» өткен матчтың нәтижесі туралы пікір білдірді:
31 мам 2025

- Менің ойымша, бүгін біз өте жақсы матч өткіздік. Алғашқы минуттардан-ақ агрессия, көңіл-күй, өте жақсы ұйымдасу көрініп тұрды. Бірден бірнеше сәт, екі рет бір-бірімізбен бетпе-бет шығу. Бірінші тайм біз тек футбол ойнауға емес, «Астана» үшін, өз абыройымыз үшін күресуге шыққанымызды көрсетті. Үзіліске жақсы көңіл-күймен шығуға барымызды салдық. Екінші таймға да дәл сондай көңіл-күймен шықтық. Менің ойымша, біз жеткілікті көп сәттер жасадық. Әрине, қарсылас та бірнеше мүмкіндікке ие болды, бірақ жалпы алғанда біз барлық кезеңде теңдестірілген, өнімді ойнадық. Бұл біз үшін өте маңызды жеңіс. Сондай-ақ, біздің құрамада ойнайтын жігіттерге, Қазақстан құрамасына сәттілік тілегім келеді. Барлығы сәтті болады деп үміттенеміз. Бүгінгі матчта болған барлық жанкүйерлерге осындай тамаша атмосфера үшін алғыс айтқым келеді. Рақмет!

Бас серіктес