– Әрине, бірінші голды ерте соққанымыз бізді сәл босаңсытып жіберді, бәрі оңай болады деп ойлаған сияқты. Бастапқыда ойынымыз жаман болмады, біз жақсырақ көріндік, допты бақылауда ұстадық, мүмкіндіктер болды. Бірақ 25-минуттан бастап өте баяу ойнай бастадық, бұл маған ұнамады, 3–4 ойыншы мүлдем ойыннан шығып қалды. Үзілісте осы туралы айттық, не істеу керек екенін жеткіздік. Бұлай болмайды, осында келген әрбір команда «Астанаға» қарсы ойнауға жүз пайыз дайын болады: стадион да жақсы, ойнауға жайлы. Оларға қосымша мотивация қажет емес, біз – олардың басты ынталандырушысы боламыз.
Екінші таймда 20 минуттай жақсы футбол көрсеттік, екі гол соқтық, бірақ кейін бір қарсы шабуыл, бір бұрыштама – есеп 3:2 болып кетті. Содан кейінгі минуттарда біздің ойынымыз ұнамады, әсіресе алаңға ауысып шыққан ойыншылар көңілден шықпады. 5–6 минуттың ішінде екі сәтсіз, күлкілі гол жіберіп алдық. Соңында бірдеңе өзгерткіміз келді, қысым жасадық, белгілі бір мүмкіндік те тудырдық, бірақ нәтиже болмады. Үйде ұпай жоғалтуға болмайды, «Қызылжарға» құрметпен қараймыз, олар да жан аямай күресті, бірақ осындай матчтарды міндетті түрде жеңуіміз керек.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ