«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Арабиан Фальконсқа» қарсы өткен жолдастық кездесудің қорытындысы туралы пікір білдірді.
– Бүгін біз екі жолдастық матч өткізуді жоспарладық. Бір құрам түске дейін ойнады, жігіттер негізінен толық 90 минут бойы алмастырылмастан ойнады. Әрине, бұл кезеңде ойнау өте қиын, себебі жүктеме үлкен, шаршау сезіледі, өткірлік жетіспейді. Қарсылас жылдам әрі шапшаң қимылдады, бірақ біз ұйымдасқан ойынымыздың, шабуылдағы жақсы әрекеттеріміз бен мүмкіндіктерді пайдаланудың арқасында жеңіске жеттік.
Әр ойыншы өз деңгейін одан әрі көтеруі керек. Үзіліс кезінде жігіттерге мінез көрсету қажет екенін айттым. Қиындық туындағанда тәртіпті бұзуға, ойыннан түсіп қалуға болмайды – осындай кездесулерде бұл өте маңызды. Жалпы, жақсы спарринг болды, енді «Краснодарға» қарсы ойынға дайындалып жатырмыз.