kz

RU
KZ
Бауыржан Ахаев: «Біз жұмыс істеп, өз дағдыларымызды жетілдіретін боламыз»
Екінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігінде бес ойында 4 гол соққан Бауыржан Ахаев «Астана-М» командасының осы маусымдағы үздік сұрмергені атанды.
16 қаз 2020

19 жастағы футболшы маусымды қорытындылап клубтың баспасөз қызметіне арнайы сұхбат берді:


- Командалас әріптестерімнің берген пастарын нәтижелі пайдаланып, өз голдарымды соққаныма қуаныштымын. Бірақ жалпы нәтиже біз үшін қанағаттанарлық деңгейде болған жоқ. Осы маусым біздің көбіміз үшін Екінші Лигадағы дебютті маусым болды, оның ішінде мен үшін де. Келесі жылды біз жарқын деңгейде өткіземіз деп үміттенемін.


- Осы жылғы команданың ойынына қандай баға бересің?
- Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты маусым бұлыңғыр болды. Бірақ бапкерлер құрамы бізден сұраған футболды ойнай алдық, алайда қорғаныста сауаттырақ ойнауға болар еді. Сондықтан біз осы компоненттермен жұмыс жасап, өз дағдыларымызды жетілдіретін боламыз.

Бас серіктес