kz

RU
KZ
Жанкүйерлер Сотириуды Суперкубок кездесуінің үздік ойыншысы деп таныды
«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.
00:00, 03 нау 2020


Сауалнама қорытындысы бойынша «Астана» - «Қайсар» арасындағы кездесуде жалғыз голды соққан елорда командасының жаңа ойыншысы Пиерос Сотириу үздік шықты. Кипрлік шабуылшы қолданушылар тарапынан 33,2% дауыс жинады.
Екінші орында тағы бір команданың жаңа ойыншысы – Тигран Барсегян. Армения құрамасының жартылай қорғаушысы аталмыш кездесуде нәтижелі ойынымен көзге түспегенімен, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болып, нәтижесінде, 18,1% дауыс жинады.
Үздік үштікті Ненад Эрич түйіндеді. «Астана» капитаны кезекті рет қақпасын құрғақ сақтап, қақпаға тура бағытталған бес соққыны қайтарды.

Үздік бестік:
1.Пиерос Сотириу 33,2%
2.Тигран Барсегян 18,1%
3.Ненад Эрич 15,62%
4.Рунар Сигурьонссон 11,42%
5.Марин Томасов 10,52%

Бас серіктес