Қалыптасқан дәстүрге орай, «Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер қыркүйек айының үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады. Осыған дейінгі наурыз және тамыз айларындағы чемпионат өткен айларда Тигран Барсегян үздік атанса, армениялық жартылай қорғаушы қыркүйек айында екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазып, үшінші орынға тұрақтады.
Ал осы айда Жарко Томашевич үздік атанды. Черногория құрамасының қорғаушысы бес ойынның үшеуін толықтай өткеріп, «Жетісу» қақпасына екі, «Қайсарға» бір гол соққан болатын.
Екінші орында Абзал Бейсебеков. Абзал қыркүйек айындағы бес кездесуге де қатысып, алаңда 341 минут өткізіп, «Жетісу» қақпасына гол соқты. Сондай-ақ, Бейсебеков талдықорғандықтарға қарсы кездесуде команданы капитандық белгімен алаңға бастап шықты.
Үздік бестік:
1. Жарко Томашевич 27,78%
2. Абзал Бейсебеков 17,74%
3. Тигран Барсегян 15,05%
4. Ненад Эрич 12,54%
5. Рунар Мар Сигурьонссон 11,02%