«Астана» қысқа үзілістен кейін оқу-жаттығу процесін бүгіннен бастап қайта жандандырып, Қазақстан OLIMPBET QFL чемпионатының үшінші кезеңіне дайындықты жалғастырады.
Негізгі құрамдағы бірқатар ойыншылар өз елдерінің ұлттық және жасөспірімдер құрамаларына шақырту алғандықтан, жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу процесіне «Астана Жас» командасының ойыншыларын тарту туралы шешім қабылдады.
Алматыға қосалқы құрамның он ойыншысы аттанды: қорғаушылар – Санжар Әнуаров (2005), Мұса Таушев (2006), Тимур Төкенов (2005), Әлижан Сауырбай (2005), жартылай қорғаушылар – Рақымжан Амангелдинов (2005), Дамир Елубаев (2005), Өміржан Омарбек (2005), Арман Варданян (2005), шабуылшылар – Андрей Березуцкий (2004), Батырхан Мұстафин (2005).
«Астана» чемпионаттағы келесі ойынын 31 наурызда «Елимайға» қарсы өткізеді.