kz

RU
EN
KZ
Дмитрий Шомко "Астанадан" кетті
12 қаң 2021

"Астана" футбол клубымен келісімшарт аяқталғаннан кейін астаналық командадан көпжылдық көшбасшы, вице-капитан Дмитрий Шомко қош айтысты.

Дима біздің команданың жейдесін алғаш рет 2011 жылы киіп, клубпен бірге  Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған болатын. Сәл  кейінірек Шомко елорда командасының сапына қосылып, клуб тарихындағы ең жарқын жеңістердің- 6 чемпиондық, 3 Суперкубок, Қазақстан кубогы, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі, 4-топтық кезең және Еуропа Лигасының 1/16 финалының белсенді қатысушысы болды.

Қазіргі уақытта Дмитрий бірнеше көрсеткіштер бойынша-команда құрамындағы ойындар, сондай-ақ голдар санымен клубтың рекордшыларының бірі болып саналады! Шомконың "Манчестер Юнайтед", "Спортинг", ХИК және басқа клубтардың қақпаларына соққан голдары клуб жанкүйерлерінің есінде мәңгі қалады.

"Астана" футбол клубы Дмитрийге қосқан үлесі және команда  мүддесі үшін өнер көрсетуге жауапты қарым-қатынасы үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ мансабын жалғастыруда табыс тілейді.

Бас серіктес