kz

RU
EN
KZ
Дмитрий Шомко: «Жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын»
«Астана» қорғаушысы Дмитрий Шомко Қазақстан Суперкубогы аясындағы «Қайсарға» қарсы кездесу соңында Vesti.kz сайтының тілшісіне матч туралы пікірмен бөлісті:
29 ақп 2020


- Өте жақсы ойын болды. Бізді қолдауға келген барлық жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын. Осындай тамаша футбол мерекесін ұйымдастырған облыс басшылығына рахмет. Бүгінгі ойындағы атмосфера керемет болды. Жігіттердің ойынға деген жігері жоғары болғандықтан, алаңда тәртіп бұзылған сәттер көп орын алып жатты. Дегемен, біз маңызды жеңіске қол жеткіздік. Ойын барысында барынша допқа иелік еткенімізбен, гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмадық. Алайда, кездесу барысын толықтай бақылауда ұстадық.
- Екінші таймда неліктен басымдықты «Қайсарға» беріп қойдыңыздар?
- Аздап шегінуге турал келді. Ол немен байланысты екенін білмеймін. Бізге емес, «Қайсарға» есепті теңестіру қажет болды. Сондықтан да барынша кездесу барысын бақылауда ұстауға тырыстық. Қарсылас командаға бірнеше қауіпті шабуыл жасауға мүмкіндік беріп қойдық. Жалпы алғанда, барлығы біз ойлағандай болды.
- Алдағы маусымнан не күтесіз?
- «Астана» жыл сайын өз алдына тек жоғары мақсат қояды. Бұл чемпиондық, Кубок және еурокубоктар. Барынша Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алуға тырысатын боламыз. Бұл команда үшін ең маңызды мақсаттың бірі. Еліміз үшін де ең жақсы жарнама. Өткен маусымда өздеріңіз білетіндей елімізге әлемдік футболдың ең мықты ұжымдарының бірі «Манчестер Юнайтед» келді. Команда қосалқы құраммен келгеннің өзінде, оның қалыптасқан аты бар.

Бас серіктес