19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдерқұрамасы наурыз айының 23-і мен 31-і аралығындаТалғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бас бапкер Александр Кузнецов ел құрамасытуының астына жасы 2003 жылы туғандардан аспайтын футболшыларды шақырды.
«Астана» сапынан екі футболшы, яғни қорғаушы Максим Мамонтов (2004 жылы туған) және жартылай қорғаушы Олжас Әділ (2003 жылы туған) шақырту алды.