kz

RU
EN
KZ
«Астана-М» командасының екі жеңісі
«Астана-М» Қазақстан астанасында Екінші Лиганың басталуына дайындықтарын жалғастыруда.
28 там 2020

Бүгін Константин Котов шәкірттері екі жолдастық кездесу өткізді. Жастар құрамы таңертең 2002-2003 жылы туған футбол орталығының құрамасына қарсы ойнады. Ойын 4:0 есебімен ересектердің пайдасына аяқталды. Кездесу барысында Махмуд Дунзуров, Нұржан Куанышқалиев және Әділет Амангелді (дубль) гол соқты.
Ал елорда жастары түстен кейін Екінші Лигадағы болашақ қарсыластары «SD Family» ұжымын 8:2 есебімен тас-талқан етті. Ойында Санжар Шураханов пен Жасасын Қалмахамбет қос голдан соқса, Бауыржан Ахаев, Азамат Нұржанұлы, Самат Мажит, Әділжан Дүйсембаев және Мейрамбек Қалмырза еншілеріне бір голдан жазды.

Бас серіктес