Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қақпашысы Александр Заруцкий "Астана" сапында Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
27 жастағы голкипер кәсіби футболдағы жолын Қарағандының "Шахтеры" құрамында бастап, бұдан басқа "Қызыл-Жар СК" (Петропавловск), "Атырау", "Ертіс" және "Қайсар" командалары үшін де ойнаған. Қазақстан Премьер-Лигасында Александр 36 матч өткізіп, оның 23-де қақпаны құрсауын бұздырмай ұстап тұрды.
Сонымен қатар Заруцкий Қазақстан жастар құрамасының құрамына да шақырылған болатын.