kz

RU
KZ
«Астана» футболы клубы мен Blocksport жанкүйерлерге арналған цифрлық платформаны іске қосады
07 сәу 2025

Астана, Цуг – Жанкүйерлермен қарым-қатынаста озық технологияларды қолдану әрі ыңғайлы ету мақсатында «Астана» футбол клубы мен Blocksport серіктестік орнатқанын хабарлайды. Клуб мобильді қосымшаны (SuperApp) және деректерді жинау мен талдау жүйесін (CDP) қамтитын цифрлық платформаны енгізеді. Бұл клуб жанкүйерлерінің командаға біртабан жақын болуына, ал клубтың олармен етене жұмыс істеп, жеке брендін дамытуға және Web3 желісін қоса алғанда, жаңа цифрлық мүмкіндіктерді игеруге көмектеседі. 

Blocksport-пен серіктестік аясында «Астана» футбол клубы заманауи мобильді қосымшамен қатар, деректермен жұмыс істеуге арналған мықты құралға ие болады. Бұл клубқа жанкүйерлермен жеке-жеке жұмыс жасауға, жаңа цифрлық сервистерді іске қосуға және табысты арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клуб Web3 шешімдерін – fan wallet, цифрлық жазылым және аудиторияны тарту мен табыс табуға арналған басқа да өнімдерді енгізеді. Келісім аясында Blocksport клубтың цифрлық технологиялар саласындағы ресми серіктесі және демеушісі атанады. 

«Астана» футбол клубы жанкүйерлермен жұмыс істеуде цифрлық технологияларды жаңа деңгейге шығарған алғашқы қазақстандық клуб болады. Blocksport-пен серіктестік аясында клуб жанкүйерлеріне өзара әрекеттесудің және қарым-қатынастың бірегей тәжірибесін ұсынып, ыңғайлы әрі заманауи цифрлық қызметтер аясын дамытады.

Владимир Люльки, Blocksport компаниясының басшысы:

«Біз «Астана» футбол клубымен серіктестік орнатқанымызға қуаныштымыз. Клуб тамаша нәтижелер көрсетіп қана қоймай, жаңашылдыққа да ұмтылады. Біздің технологиялар жанкүйерлермен өзара жұмыс жасауды одан да ыңғайлы әрі қызықты етіп, клубқа деректермен жұмыс істеуге арналған құралдар ұсынуға көмектеседі. Бұл маркетинг пен коммерциялық стратегияны жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, fan wallet және цифрлық жазылым сияқты Web3 шешімдері клубқа жанкүйерлермен жаңа деңгейде байланыс орнатуға жол ашады. Бұл қазақстандық футболдың цифрлық дамуы жолындағы маңызды қадам екеніне сеніміміз кәміл».

Қайсар Бекенов, «Астана» футбол клубының Бас директоры:

«Бұл – біз үшін жанкүйерлермен қарым-қатынастың мүлдем жаңа көкжиектерін ашатын стратегиялық маңызды қадам. Біз осы бағытта серіктес ретінде Blocksport компаниясын таңдағанымызға қуаныштымыз – олардың тәжірибесі мен технологиялық шешімдері ең озық цифрлық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді. 

Жаңа платформаны іске қосу арқылы біз жанкүйерлерді жай ғана көрермен емес, клуб өмірінің белсенді қатысушыларына айналдырғымыз келеді. Бұл мобильді қосымша әрбір жанкүйерге командаға жақынырақ болуға, жекелендірілген контент алуға, акцияларға қатысуға және fan wallet пен цифрлық жазылым сияқты инновациялық өнімдерді пайдалануға мүмкіндік береді. 

Біз Blocksport-пен бірлесіп, қазақстандық футболдағы ең үздік цифрлық фан-тәжірибені жасайтынымызға сенімдіміз».

Платформаны жақын арада іске қосу жоспарда бар.

Бас серіктес