«Астана» футболшылары Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қорымен бірге Нұр-сұлтан қаласының балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін аралады.
«Parimatch Foundation» қоры Қазақстанда әрбір бала өзінің әлеуметтік мәртебесінен тәуелсіз, өз арманына жетуге деген сенімділік пен батылдықты дамытуға бағытталған «Спорт тәлімгері» бағдарламасын дамытуды бастайды.
Юрий Логвиненко мен Дорин Ротариу қалалық балалар үйінің, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленетін мамандандырылған балалар үйінің бүлдіршіндерімен кездесіп, үстел футболын ойнап, кішкентай тәрбиелеушілер жолдаған сұрақтарға жауап берді.
Балалар «Астана» футболшыларынан, клубтан және де қайырымдылық қорынан арнайы сыйлықтарға ие болды. Алдағы уақытта қайырымдылық қоры жоғарыда аталған екі балалар үйінің спорт алаңын абаттандырып беруге уәде берді.