«Астана» футбол клубы «Болашақ» корпоративтік қорымен бірге ойыншыларды №71 мектептің аутизмнен зардап шегетін балаларға білім берілетін инклюзивті сыныбына апарды.
Қордың қызметінің арқасында бүкіл Қазақстанда 43 инклюзияға қолдау көрсету кабинеті ашылған. Сол арқылы аутизмнен, дамудың басқа да ерекшеліктерінен зардап шегетін 400-ге жуық бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болып отыр.
«Астана» қорғаушысы Евгений Постников пен жас шабуылшы Рамазан Каримов балалармен кездесіп әңгімелесті, бірге аздап доп теуіп, балалардың командамен жұмыс істеуге, салауатты өмір салтына деген құлшынысын арттырып, көңілдерін бір көтеріп тастады.
«Астана» футбол клубының әлеуметтік әріптесі – «Самұрық-Қазына Траст» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.