Футболшылар ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагері Сафоничева Раиса Егорқызын мерекесімен құттықтады. Раиса әжей 18 жасында байланысшы боп әсккерге аттанып, Украина, Бессарабия, Венгрия мен Румынияны басып өткен.
Қарттар үйіне клуб атынан теледидар мен серіктес Marriott Astana қонақүйі ұсынған азық-түлік жиынтығы сыйға тартылды.