kz

RU
KZ
«Астана» футбол клубы мен Parimatch БК келісімге қол қойды
«Астана» футбол клубы мен Parimatch букмекерлік компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
10 нау 2020


Келісімшарт бойынша Parimatch Қазақстанның ең атақты футбол клубының ресми серіктесі мәртебесін алды. Компанияның логотиптері Нұр-Сұлтан қаласы футболшыларының ойын жейдесінде пайда болады. Тараптар алдағы 3 жылға ынтымақтастық туралы келісті.

Parimatch бренді туралы:
Parimatch - Еуропа мен ТМД-дағы ең ірі беттинг-компаниялардың бірі. Олар соңғы жылдары белсенді дамудың арқасында Еуропа аренасындағы көшбасшылардың біріне айналды. Parimatch жетекші федерациялармен, клубтармен және UFC, оған қоса ең танымал ММА промоушндарымен ынтымақтастыққа қол жеткізген спорттық маркетинг нарығындағы ең белсенді ойыншылардың бірі. Бренд амбассадорлар командасын UFC-дің жетекші атлеттері құрайды: олардың арасында әлемге әйгілі UFC шебері Конор Макгрегор, сондай-ақ біздің клубтың экс-капитаны Андрей Тихонов, Петр Ян, Арман Царукян, апалы-сіңілі Шевченко және басқа да атақты спортшылар.

Бас серіктес