kz

RU
KZ
Елордалық клуб қақпашы Александр Заруцкиймен қоштасады
10 қаң 2025

Александр 2021 жылдың ақпан айында жеті дүркін чемпион атанған «Астана» сапына қосылды. Ол командамен бірге Қазақстан чемпионатының «алтынын» жеңіп алып, екі мәрте УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңіне шықты, сондай-ақ Қазақстан Суперкубогы мен Лига Кубогының иегері атанды.

Жанкүйерлердің есінде Сашаны әрдайым сенімді қақпашы ретінде қалатынын рас, ал командаластары нағыз дос әрі керемет адам ретінде сыйласа бермек. Біз Александрға клубтағы уақыты үшін алғысымызды білдіріп, болашақта сәттілік тілейміз!

Бас серіктес