kz

RU
EN
KZ
Томасовтың голы – наурыз айының үздік голы
27 нау 2020


«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында наурыз айының үздік голын анықтау бойынша сауалнама өтті.
Астаналықтар көктемнің алғашқы айында қарсыластар қақпасына 8 гол соқса, одан бөлек Пиерос Сотириудың 29 ақпан күні «Қайсар» қақпасына соққан голы «Астанаға» Қазақстан Суперкубогын сыйлаған еді.
Нәтижесінде жанкүйерлер Марин Томасовтың «Қызыл-Жар СҚ» қақпасына соққан голын үздік деп таныды. Бұл гол қолданушылар тарапынан 33,14% дауыс жинады.
Екінші орынды «Астана» командасының наурыз айындағы үздік ойыншысы Тигран Барсегянның соққан голы иеленді. Армениялық жартылай қорғаушы елорда командасы сапындағы алғашқы голын «Каспий» қақпасына соққан еді және осы гол біздің сауалнамада екінші орынды иеленді.
Үздік үштікті Пиерос Сотириудың «Қайсар» қақпасына соққан голы түйіндеді. Осы голдың арқасында Михал Билек шәкірттері маусымды жаңа трофеймен бастаған болатын.

Үздік бестік:
1.Марин Томасовтың «Қызыл-Жар СҚ» қақпасына соққан голы 33,14%
2.Тигран Барсегянның «Каспий» қақпасына соққан голы 22,88%
3. Пиерос Сотириудың «Қайсар» қақпасына соққан голы 16,77%
4. Алексей Щеткиннің «Ордабасы» қақпасына соққан голы 7,3%
5. Юрий Логвиненконың «Каспий» қақпасына соққан голы 6,71%
 

Бас серіктес