– Өте жақсы мктч өткіздік, Қытайдың жоғары лигасының өкілі – мықты командамен ойнадық. Ұйымшыл команда, қорғаныста өте сенімді өнер көрсетті. Жалпы, жақсы спарринг болды. Біз әлі де жүктемені азайтпай, маусымға дайындалып жатырмыз, бұл матчқа қойған белгілі бір міндеттеріміз болды – бірін орындадық, ал кейбірін орындай алмадық. Көп ақпарат алдық, теориялық сабақтар өткіздік, ойыншылармен жеке әңгімелестік, өзара әрекетуді жетілдіретін боламыз. Ойында допты жақсы бақыладық, көптеген мүмкіндік жасадық және ең бастысы – гол жібермей, сапалы қорғана білдік. Алда әлі де көп жұмыс жасауымыз керек.
Команданың бір бөлігі 60-65 минут ойнады, ал алаңда аз уақыт өткізген аяқдопшылар матчтан кейін жұмыс істеді. Енді 17 ақпанда «Краснодарға» қарсы матч жоспарланған, жүктемені дұрыс бөлу үшін тағы бір ойын қосамыз, бар ойыншы қажетті ойын уақытын алуы керек. Сонымен қатар, 17 ақпан таңертең қосымша бақылау ойыны болады, жүктеме артық етпейді – барлығы 90 минуттан ойнағаны дұрыс.
Осы кездесудің қорытындысын шығарсақ, жаман ойнаған жоқпыз, команда берген ақпаратты жақсы қабылдап жатқанын көремін. Көп нәрсе сәтті орындалды, әлі де жұмыс істеуді қажет ететін тұстар бар, бірақ ең маңыздысы – күн сайын өсіп, алға жылжып келеміз. Иә, қазір ауыр, бірақ бұл – оқу-жаттығу жиыны және нәтиженің еш маңызы жоқ, өйткені физикалық дайындық деңгейі әртүрлі – біреуі жақсы, біреуі орташа дегендей, бастысы – ойынның сапасы. Тәртіп, ұйымшылдық болу керек, доппен жұмыс істегенде ләззат алуымыз қажет және қарсыластарға өз ойынымызды таңа білгеніміз жөн, бұл біздің жігіттердің қолынан келгені рас.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ