«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Оқжетпеспен» өткен матч жайында:
– Кубок ойындары әрдайым ауыр өтеді, оның үстіне бұл сырт алаңдағы матч, ал алаңның сапасы көңілден шықпады. Қарсылас та өте төмен орналасып, тығыз қорғанысты таңдады. Бірінші таймда олардың екі қарымта шабуылы болды, екеуі де біздің тараптың қателігінен деуге болады, сол шабуылдардың бірінде бізге гол соғылды. Бірінші таймда біз де бірнеше мүмкіндік жасадық, ал екінші тайм мен қосымша уақытта ойынды толық бақылауда ұстадық. Көп соққы, гол соғатын сәт, стандарт, фланг арқылы берілген пас болды, бірақ, өкінішке қарай, бір ғана гол соға алдық. Бұл бағытта жұмыс істеуіміз керек. Бүгін әдеттегідей емес құрам ойнады, барлығына ойын тәжірибесі қажет болды. Қорғаныста және ауысу фазаларында әлдеқайда жақсы ойнауымыз керек, әсіресе бірінші тайм бұл жағынан ұнамады, кейінгі бөлігінде аса қиындық болмады.
95-96 минутқа дейін сәттер болды – сол кезде Астанов пен Басманов гол соғуға жақын еді, бірақ сәл ғана сәттілік жетіспеді. Кейін қосымша уақыт берілді, ол кезде де өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық, пенальти сериясы басталды – бұл нағыз лотерея, бастысы кездесу осылай аяқталғаны жақсы болды. Көңіл қуантатыны – келесі кезеңге өттік, бүгін алаңға шыққан жігіттер ойын тәжірибесін жинады, барлық ауыстырулар жоспарлы түрде өтті. Бұл жағынан бәрі жақсы – ойын қарқыны мен жүктеме жеткілікті болды.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық Қазына» әл ауқат қоры
«Астана» футбол клубының серіктесі: "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры