kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: Марин – матчтың үздік ойыншысы
«Астана» клубының бас бапкері Григорий Бабаян – «Жетісумен» өткен ойын жайында
31 нау 2025

– Ойынды ауыр бастадық, бұл ұлттық құрамаларға байланысты үзіліс әсер етті. 15-минутта өз ойынымызды таптық, қалаған футболымызды көрсеттік. Көп мүмкіндік болды, бірақ жүзеге асыру ақсап тұрды. Дегенмен, екінші голды дер кезінде соқтық деп ойлаймын. Екінші таймда кей сәттерде өз ойынымыздан алыстап кеттік. Маған ұнамағаны – әр ойыншы өзіне қойылған талаптардан 5-15% шегіне алды. Жалпы алғанда, команда ретінде 30% жоғалттық, бұл өте көп. Есепке қарамастан, бүкіл матч бойы концентрация мен тәртіпті сақтау керек. Егер қарсылас бір гол соқса, ойын мүлдем басқаша болар еді. Қарсыласты толығымен басып, мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Алда әлі көп жұмыс бар. Ең маңыздысы – бүгін жеңіске жеттік. Марин Томасов бүгін керемет ойнады, матчтың үздік ойыншысы болды. Мен әдетте ешкімді ерекше атап өтпеймін, бірақ бүгін ол хет-трик жасап, әдемі голдар соқты.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес