– Ауа райының өте ыстық болғанын – 35 градусқа дейін көтерілгенін және алаң сапасын ескерсек, біз бірінші таймды жақсы өткіздік, жалпы ойын да көптеген сәттерге толы болды. Бірақ тағы да сол – мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмау бізге кедергі келтірді. Бірінші таймда 2-3 гол соққанда, ойынды ертерек аяқтауға болар еді. Екінші таймда да сондай өткізіп алмауға тиіс сәттер болды. Кейбір сәттерде гол болмай қалуы тіпті таңғаларлық – доптың қақпаға кіруден басқа амалы жоқтай көрінді, бірақ тағы да соға алмадық. Және бұл жолы да нәтиже көрсетпеді. Гол жіберіп алдық, бірақ соңына дейін күресіп, таразы басын теңестіре алдық. Соңында тартыс өте көп болды. Жалпы, бұл ойын жанкүйерлер үшін қызықты өтті деп ойлаймын. «Қайсарды» құттықтағым келеді – олар жанкештілік танытты, барлық күштерін алаңда қалдырды, жанкүйерлерінің қолдауы да жоғары деңгейде болды.