– Бірінші таймға баға беретін болсақ, 2-3 рет гол соғып, ойынды сол кезде-ақ шешуге болатын еді деп айтуға болады. Бірақ іске асырар керемет қанша сәт болғанын анық білмедім, кем дегенде 6-7, бірақ өкініштісі бізге салқынқандылық жеткіліксіз болды. Мүмкін жаттығу процесіндегі өзгерістердің әсері дейміз бе?! Көптеген футболшылар жарақат алған еді, олар енді ғана қатарға қосылып жатыр, бірақ ойынға дайындық әлі де жетіспейді. Не десек те кез келген жағдайда тамаша сәттерді іске асыру қажет.
Маған екінші таймдағы ойын мүлдем ұнамады. Қорғаныста өте сәтсіз өнер көрсетік. «Тұран» жағынан қиын да ауыр сәттер көп болды деп айта алмаймын, бірақ үш-төрт әдемі тәсіл, соққы жасалды. Екеуі гол болды. Осындай кездесуде бірінші таймда ірі есеппен жеңіп, ал екінші таймда ұтылып қалуымыз мүмкін. Дегенмен 2:0 есебінен кейін ойынға қосылып, екі гол соғып, жақсы мүмкіндіктер жасай алдық. Соңында жеңіске жетуіміз мүмкін еді, әттең сәл жолымыз болмады. Бүгінгі ойынды жалпы қарайтын болсақ, командамыз үшін ең басты мәселе – бұл қорғанысты дұрыс ұйымдастыру мен шабуылды оңтайлы жүзеге асыру. Бізге осы айтылған жағдайлармен мүмкіндігінше тезірек жұмыс істеуіміз керек. Уақыт өте тығыз екенін түсінемін. Мен командамен жұмыс істегеніме бір-ақ апта. Команда келесі ойынға дейін тағы бір қадам алға жылжуы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын. Өйткені біз жоғары орындар үшін күрескіміз келеді, ол үшін мүмкіндігінше көп ұпай жинауымыз керек.
– 2:0 есебінен кейін 2:2-ге жеткізіп, ұпай теңестіре білдіңіздер. Камбэк жасауға не жетіспеді?
– Камбэкке ойынға деген бар ынта-жігерді ортаға салу жағы жеткіліксіз болды, соңғы соққылар мен соңғы пастарды пайдаға асыра алмадық. Есеп ашатын жақсы сәттер болды және сол сәттерді іске асыру керек еді. Жігіттер ойын соңына қарай сәл де болса қысымға төтеп бере алмаған шығар, мүмкін жауапкершіліктің салмағы ауыр болды ма, ойын ауыр болды. Тағы бір қайталап айтайын, мұндай ойындарды мінезге салып жеңуіміз керек.
– Болашаққа деген жоспар қандай?
– Үйімізге жете салысымен келесі матчқа дайындықты бастаймыз.
«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ