kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Чемпиондық құтты болсын!»
Елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян «Шахтермен» болған ойын жайында пікірімен бөлісті.
06 қар 2022

– Қайырлы күн! Жалпы, бірінші таймда жақсы ойнадық. Біз екі гол соқтық және есепті артыруға тамаша 3-4 мүмкіндік те болды. Бір сәтте болмашы доп жіберіп алдық. Қобалжу болғаны рас, көрініп тұрды. Екінші таймда доп біздің жігіттерде болды, басымдық та біз жақта, осылай үшінші голды соқтық. Ойын соңына қарай екінші допты жіберіп алдық, сол себепті қысым пайда болды. Жігіттердің жүйкесі сыр бере бастағаны бар, бұл ойында жеңуіміз керек дегеннен болды. Ең бастысы – бүгінгі жеңіс. Барша жанкүйерлерімізді көптен күткен чемпиондықпен құттықтаймын!
 
«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес