kz

RU
KZ
Футбол орталығының ойыншыларына «Жеңімпаз Пихологиясы» семинары өтті
24 шіл 2020

Карантин кезінде футбол орталығының тәрбиеленушілері өздерін дамытуды жалғастыруда. 
Барлық жастағы ойыншылар үшін «Жеңімпаз Психологиясы» бағдарламасының авторы Қуаныш Әбдуалиев «Карантин - бұл мүмкіндік немесе мәселе?» деген тақырыпта семинар өткізді. 
Қазақстанның бірқатар клубтарының экс-футболшысы, ел чемпионы, mini Euro чемпионы Қуаныш Әбдуалиев кәсіби спортшылардың үлгісінде жас спортшылар үшін табыс құпиясын ашуға, сондай-ақ, кері байланыс ала отырып, өзін-өзі дамытуға ұмтылу тұрғысындағы ойымен бөлісті. 
– Семинар барысында мен көп пайдалы ақпарат алдым, - дейді 2008 жылы туған ФО тәрбиеленушісі Ербол Аманкелды. - Спортшылар карантин кезінде өз әлеуетін жақсартып, табысқа жету формуласын, жаттығуларға деген көзқарасты табуы тиіс. Әңгімеден кейін барлығы күн тәртібі мен тамақтануын жақсартты деп ойлаймын.

Бас серіктес