kz

RU
EN
KZ
Instat. Тигран Барсегян – «Каспий» - «Астана» кездесуінің үздік ойыншысы
«Астана» «Olimpbet» футболдан Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында сырт алаңда «Каспийді» 3:2 есебімен жеңді.
17 нау 2020


Футболшылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясының ұсынған көрсеткіштері бойынша елорда командасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян аталмыш кездесудің үздік ойыншысы атанды.
Армения құрамасының ойыншысы ақтаулық команда қақпасына гол соғып қана қоймай, кездесу барысында қарсылас қорғанысын бұзумен болды.
Екінші орында кездесудегі тағы бір голдың авторы – Юрий Логвиненко. Юра қалыптасқан дәстүрге орай екі команда ойыншылары арасында екінші қабаттағы теке-тіресте 7 мәрте үздік шықты. Одан бөлек, допты тартып алу көрсеткіші бойынша да ең жоғарғы нәтиже көрсетті.
Үздік үштікті Рунар Мар Сигурьонссон түйіндеді. Исландиялық жартылай қорғаушы айып алаңына тура пас жеткізу бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Instat Index бойынша үздік бестік:
1.Тигран Барсегян 290
2.Юрий Логвиненко 273
3.Рунар Мар Сигурьонссон 253
4.Сергей Малый 249
5.Жарко Томашевич 247

Бас серіктес