kz

RU
KZ
Исламбек Қуат – 2021 жылғы маусымда қарсыластан допты тартып алудан «Астана» клубының ең үздік ойыншысы атанды
00:00, 24 жел 2021

Instat дерегіне сүйенсек, «Астаналық» хавбек Исламбек Қуат чемпионатта қарсыластардың шабуылына өзге футболшыларға қарағанда жиі тойтарыс берген.

Осы маусымда 118 рет допты тартып алу әрекетін жасаған, оның 42%-ы, яғни 50-і сәтті аяқталған. Екінші орында 109 әрекет жасап, 52-сінде (48%) оң нәтиже көрсеткен Валерий Чуперка. Үшінші орынға 103 әрекетің 43-ін (42%) сәтті орындаған Марин Томасов жайғасты.

Пайыздық көрсеткіш бойынша үздік деп Кике Лопез танылды, 84 рет әрекет жасап, оның 54 жағдайында (64%) қарсыласты доптан айырған.

Бас серіктес