kz

RU
EN
KZ
Камо Оганесян: «Бірінші күннен бастап тек чемпион болуды ойладық»
«Астананың» қорғаушысы Камо Оганесян Қарағандыда өткен соңғы матчты қорытындылап, Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткендегі қуанышымен бөлісті.
08 қар 2022

- Ауа-райына байланысты ауыр матч болды, күн өте суық әрі допты алып жүру де қиынға соқты. Бірақ біз сылтау іздеген жоқпыз, өйткені чемпион болуымыз үшін бізге тек жеңіс керек болды. Осы ойында жеңіске жету үшін бәрі де соңына дейін күресуге дайын болды.

Әрине, бірінші күннен бастап барлығы тек чемпион болуды мақсат тұтты: тыңғылықты түрде жаттықты, мақсатқа жету үшін барын салды. Біз осы нәтиже үшін ұзақ уақыт тер төктік, ақыры оған қол жеткіздік. Барша жанкүйерлерді, клубта жұмыс істеген және қазіргі таңда жұмыс істейтін жаттықтырушылар құрамын, медициналық штабты маңызы зор атақпен құттықтаймын!

«Астана» ФК Бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес