kz

RU
EN
KZ
Кике Лопез «Астана» сапынан кетті
05 қаң 2022

 Келісім-шарттың мерзімі аяқталғанына сәйкес, Кике Лопез «Астана» футбол клубынан кетті.
 
Кике «Астана» құрамына 2021 жылдың сәуір айында келіп, команданың сол жақ қорғаушысы ретінде алаңға шықты. Испандық футболшы команда сапында 30 ойын өткізіп, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
 
«Астана» футбол клубының ұжымы Кикеге алғыс білдіріп, футболшы мансабында тек сәттіліктер мен жеңістер тілейді.

Бас серіктес