Кирилл Петрович Нұр-Сұлтан қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер футбол мектептерінің бірлестігіне» арнайы сұхбат беріп, өз шәкірттерінің алдағы мақсатымен бөлісті:
- Спортқа қалай келдіңіз? Не үшін футболды таңдадыңыз?
- Дене шынықтыру мұғалімі Азовская Валентина Юрьевна оның күйеуі Иван Геннадьевич Азовский ұлдар тобын жинайтынын айтты. Мен үлкен ағаммен бірге барып үйірмеге жазылдым. Маған футбол ойнаған ұнап қалды. Жасыл алаңнан барынша ләззат алуға тырыстым.
- Бұл ойын Сізді қалай баурап алды?
- Құмарлық, жылдамдық, ойлау және тамаша эмоциялар арқылы.
- Жасөспірім кезіңізде қандай танымал спортшылармен бірге жаттықтыңыз?
- Руслан Кенетаев, Қуаныш Абдуалиев.
- Ең есте қалған жарыс?
- 1988 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты. Біз сол жылы чемпион атанған едік.
- Бұл спорт түріндегі ең қиыны не?
- Өз жалқаулығыңды жеңу. Дәл қазір біздің жас балаларға да осы жетіспейді.
- Бапкерлік мансабыңыз туралы айта кетсеңіз?
- Менің бапкерлік мансабым 2012 жылы басталды. Сол уақытта Қазақстанның барлық өңірінде алғашқы футбол орталықтары ашылған болатын. Сол кезде Анатолий Юревичпен өзара әңгімелесіп, артынша менің бапкерлік жолым басталған еді.
- Отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз?
- Менің анам бесінші гимназияда оқу ісінің меңгерушісі. Әкем жүргізуші. Үлкен ағам it саласының маманы. Ал әйелім 3D визуализациямен айналысады.
- Өз балаларыңызды осы спорт түріне берер ме едіңіз?
- Егер ынтасы болса, қарсы емеспін.
- Жекеменшік балалар футболына мемлекеттен қолдау қажет деп ойлайсыз ба?
- Әрине, өте қажет.
- Жас спортшыларға тілегіңіз.
- Қандай спорт түрімен айналыссаңыздар да, бар күш жігерлеріңізді аямаңыздар дегім келеді. Алдарыңызға мақсат қойып, соған жету жолында аянбай тер төгіңіздер.