kz

RU
EN
KZ
Константин Котов: «Команда жинақы ойын көрсетті»
«Астана-М» Екінші Лиганы «Тобылға» (1:0) қарсы жеңіспен бастады. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Константин Котов кездесу туралы пікірімен бөлісті:
29 қыр 2020

- Команда бапкерлер құрамының берген тапсырмасын бұлжытпай орындап, жинақы ойын көрсетіп, лайықты жеңіске қол жеткізді! Маған команданың ойын барысында біз осыған дейін жаттығу жұмыстары барысында дайындалған үш фазада, яғни доппен ойында, өтпелі сәттерде және допсыз ойында көрсеткен ойыны ұнады.

- Команда бұл ойынға 9 айға жуық уақыт дайындалды. Жігіттерге бұл қаншалықты қиын болды, құлшыныстарын жоғалтып алған жоқ па?

- Әрине, өте қиын, соңғы уақытқа дейін чемпионаттың өту немесе өтпеуі белгісіз болды. Одан бөлек, бірнеше үзілістер орын алды. Біз ол кездерде мүлде жаттығу жасай алмадық. Мұның бәрі балаларға әсер етті, көбісі дайындықты жалғастыру қажеттілігіне сенбеді, бірақ клубтың, жаттықтырушылар құрамының және футболшылардың бірлескен жұмысының арқасында біз олардың көңіл-күйін, құлшыныстарын қолдап отырдық. Команда сапындағы көптеген ойыншылар үшін бұл кәсіби деңгейдегі алғашқы чемпионат. Сондықтан, олар маусымның басталуын асыға күтті!

- Бірінші жеңістен кейін, команданың финалдық кезеңге шығамыз деген сенімі артты ма?

- Біз ойыннан ойынға жылжып, жігіттерге әр ойында жеңіске жету тапсырмасын жүктейміз! Ертеңнен бастап келесі қарсыласқа дайындалып, өткен ойынды және қарсыластың ойынын талдайтын боламыз.

Бас серіктес