kz

RU
EN
KZ
Константин Котов: «Біз бәсекеге қабілетті футбол үлгісін көрсетіп келеміз»
«Астана-М» Екінші Лига аясында «Оқжетпеске» 2:1 есебімен жол берді. Ойын туралы елорда командасының бас бапкері Константин Котов айтып берді:
06 қаз 2020

- Жылдам екі гол жібергеннен кейін ұзақ уақыт ойынға кіру қиын болды. Жеңіліп қалғанымыздың басты себебі де осы.

- Алда Рузаевка және SD family командаларына қарсы екі ойын бар. Кәсіби футболдағы алғашқы маусымдарын өткізіп жатқан жас футболшылар, құрамына тәжірибелі ойыншыларды жинақтаған ұжымдарға қаншалықты бәсекелестік таныта алады?

- Өткен ойындар, біздің бәсекеге қабілетті футбол үлгісін көрсетіп жатқандығымыздың дәлелі. Команда дамып, ойындардан қажетті қорытынды шығарып, дайындалып, ойыннан ойынға ілгері жылжуымыз қажет.

- Алғашқы үш ойында қақпаны 18 жастағы Нагда Бакижев қорғады. Неліктен жас ойыншыға таңдау түсті?

- Біздің құрамда тек жаттығу жұмыстарында өздерін көрсете алған, үздік футболшылар ойнайды. Нагда қазіргі уақытта өз позициясындағы бәсекелестікті жеңіп келеді, сондықтан да ол ойнап жатыр.

Бас серіктес