«Астана-М» Екінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі аясында «Рузаевканы» 7:1 есебімен тас-талқан етті.
Кездесуден кейін елорда командасының бас бапкері Константин Котов ойын туралы пікірімен бөлісті:
- Біз бүгін осыған дейінгі ойындарда жетіспеген гол соғатын көп мүмкіндіктерді лайықты қорытындылай алдық. Осының арқасында жеңіске жеттік.
- «Астана-М» командасының негізгі мақсаты жас футболшыларды тәрбиелеу екені түсінікті, бірақ спорттық бөлім туралы да ұмытуға болмайды. Қазір турнирлік кестедегі жағдай өте күрделі, яғни 4 командада 6 ұпайдан бар. Топта екінші орын алып, финалдық кезеңге шығу мүмкіндігі қаншалықты жоғары?
- Бізде алда тағы бір тур бар, сондықтан да топтан шығу мүмкіндігі туралы айтқым келмейді. Қазір біз үшін тезірек қалыпқа келіп, «SD Family» ұжымына қарсы ойынға дайындалу маңызды.
- Бүгін команда сапында негізгі құрамға тіркелген Станислав Басманов алаңға шықты. Оның алаңға шығуы командаға көмектесті ме?
- Әрине, ол бізге көмектесіп, сенімділік беріп, тіпті екі маңызды гол соқты. Бірақ мен ешкімді жекелей атағым келмейді, себебі футбол - командалық спорт түрі. Сондақтан бүгін барлық команда жақсы еңбектенді деуге болады.