kz

RU
KZ
Константин Котов: «Бізге шабуыл шебінде өткірлік жетіспеді»
«Астана-М» Екінші Лига клубтары арасындағы Қазақстан Республикасы Біріншілігі аясында «Қызыл-Жар СҚ-М» командасына 3:1 есебімен жол берді. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Константин
02 қаз 2020

- Өкінішке орай, бізге шабуыл шебінде өткірлік жетіскен жоқ. Біз бірінші және екінші фазада жақсы ойнап, кездесу барысын бақылауда ұстағанымызбен, шабуылда сәттілік жетіспеді.
- Бүгін қарсылас сапында негізгі құрамның бірнеше ойыншысы алаңға шықты. Бұл ойынға қаншалықты өз әсерін берді?
- Әрине, тәжірибелі футболшылардың ойыны әсер етті. Біз үшін осындай қарсыласқа қарсы кездесуде өз күшімізді сынап көру өте қызықты болды. Жігіттер қарсыластың тәжірибелі ойыншыларына қарамастан, бапкерлер құрамының тапсырмасын толықтай орындап, өз әрекеттерімен қуантты.
- Сіз бүгін негізгі құрамға бірқатар өзгеріс енгіздіңіз. Бұл немен байланысты?
- Өткен ойында үш футболшы - Рахат Маратов, Санжар Шураханов және Мейрамбек Қалмырза кішірігім жарақат алып қалды. Сондықтан да бапкерлер құрамы бұл ойыншыларды қорғап қалуға шешім қабылдады.
 

Бас серіктес