kz

RU
KZ
Константин Котов: «Мен жігіттерге көрсеткен ойындары үшін ризамын»
«Астана-М» SD Family командасына 3:2 есебімен жол беріп, Екінші Лига клубтары арасындағы ҚР Біріншілігін аяқтады.
13 қаз 2020

Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Константин Котов кездесу туралы пікірімен бөлісіп, жеңілістің себебін айтып берді:


- Бізге жеңісті есепті ұстап қалу үшін эмоция мен тұрақтылық жетіскен жоқ.


- Осы шағын турнирді қысқаша қорытындылай кетсеңіз. Көңіліңізден шыққан сәттер болды ма?
- Мен барлық жігіттерге тамаша тәжірибе үшін, кездесулерде көрсеткен жарқын, комбинациялық ойындары үшін ризамын. Біз олардан талап еткен футболға сенгендері үшін, олар комбинациялық футбол ойнай алатындықтарына сенгендері үшін ерекше алғыс айтамын. Қазір біз үшін өткен ойындарды асықпай талдап, лайықты қорытынды шығарып, алда қандай бағытта жүру қажеттілігін түсіну және жаңа маусымға бағыт алу өте маңызды.
 

Бас серіктес