Тәжірибелі қазақстандық функционер Михаил Гурман «Астана» футбол клубының құрылтайшысы тарапынан Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына бекітілді.
Аяқдопшы ретінде Михаил Ильич «Орбита», «Қайрат», «Трактор», «Шахтер» және «Жетісу» командаларында өнер көрсетті. Менеджер ретінде Қазақстан футбол федерациясында, ҚР Туризм және спорт министрлігінде, Кәсіби футбол лигасында қызмет атқарды.
2019-2021 жылдары «Астана» футбол клубының президенті болды. Оның басшылығымен команда ел чемпионы атанып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып, «Манчестер Юнайтед» клубын жеңді.
2024 жылдың мамыр айында Михаил Ильич елордалық клубтың директорлар кеңесіне кірді.
Бұрын клубтың Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Саян Хамитжанов жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.