-Біз 4:0 есебімен жеңіске жеттік. Команданың екінші таймда көрсеткен ойыны көңілімнен шықты. Бірінші таймда қарсылас команданың қорғаныс шебі өте жақсы ойын көрсетті. Бізде гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, өз сәтімізді күтуге тура келді. Қарсыластың да есепті ашатын мүмкіндігі болған, дегенмен бізді Ненад Эрич құтқарды. Сол сәт командаға қосымша күш беріп, біз ірі есеппен сенімді жеңіске жеттік. Біз ойынның екінші бөлігінде өзімізге тән ойын үлгісін көрсеттік.
- Сотириу мен Барсегянның ойынына қандай баға бересіз?
- Біз Сотириуды команда сапына гол соғу үшін шақырдық. Ол бүгін екі мәрте көзге түсті. Ол алдағы уақытта да бізге шабуыл шебінде көмектесетін болады. Ал Тигранға кішкене уақыт қажет. Алдағы 3-4 ойыннан кейін ол өз бабына келетін болады.
- «Астана» Қазақстан чемпионатында екі орталық қорғаушымен сенімді ойнай алады. Ал Ұлттық құрама Сіздің қол астыңызда үш қорғаушымен ойнайды. Яғни, «Астана» сапында осы жүйеден бас тартуыңыз, құраманың алдағы ойындарында осы жүйеге көшуі мүмкін екендігін білдіре ме?
- Біріншіден үш орталық қорғаушымен ойнау жүйесі тек қорғанысқа ден қою дегенді білдірмейді. Мысалға «Интер Милан» осы жүйеде ойнайтын өте мықты ұжым. Сондықтан да 3-4-3 жүйесі тек қорғану емес. Екіншіден, құрама мен «Астана» сапындағы ойыншылардың арасында өзгешелік бар. Қазір командаға екі орталық қорғаушы жүйесімен ойнау тиімді болып тұр. Бұл дегеніміз біз алдағы уақытта басқа ойын жүйесін таңдамаймыз дегенді білдірмейді.
- Ойындағы тіркелген есепке қарамастан, бүгін «Астана» қорғанысында қиындықтар болды. Трансферлік терезенің жабылуына дейін біршама уақыт бар. Әлі де құрамды күшейту ойда бар ма?
- Біз өзіміздегі қиындықтарды жақсы білеміз. Команда құрамында қорғаныста сауатты ойнай алатын 4-5 ойыншы бар.