«Астана» сырт алаңда «Каспий» командасын 3:2 есебімен жеңді. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Михал Билек матч туралы пікіремен бөлісті:
- Бірінші таймда қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқтық. Дегенмен, «Каспий» құрамында жекелей мықты орындаушыларды жинақтаған жаңа команда. Олар екінші таймда біздің қателіктерімізді пайдаланып кетті. Біздің бүгінгі қарсыласымыз чемпионат аясында алдағы уақытта біраз командалардан ұпай алатынына сенімдімін. Ал өзімізге келер болсақ, біз бүгінгі кездесуден лайықты сабақ шығарып, ілгері жылжуға тиіспіз.