kz

RU
EN
KZ
«Астананың» шәкірттерін марапаттау рәсімі
23 қаз 2023

Ел чемпионатының осы маусымындағы өз алаңымызда өткен соңғы ойынында «Астана» футбол орталығының шәкірттерін марапаттау рәсімі болды.

Жүлделерді «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Ғазинұр Әлімов, негізгі құрам ойыншылары Михаил Габышев, Владислав Прокопенко және Данил Подымский табыстады.

Биылғы маусымда «Астана» футбол орталығының 2013 жылғы ұлдар құрамасы Болгарияда өткен «Оңтүстік Қара теңіз кубогы» халықаралық турнирінің жеңімпазы, ал 2007-2008 жылғы қыздар құрамасы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанды.

«Астана-2009» ұлдар құрамасы Қазақстан кубогының финалисі болса, 2009-2010 жылғы қыздар құрамасы ел чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

Астаналықтар, жүлделеріңіз құтты болсын!

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес