kz

RU
EN
KZ
Ненад Эрич: «Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын»
«Астана» «Olimpbet» футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы турында «Қызыл-Жар СҚ» командасын 4:0 есебімен жеңді.
07 нау 2020


Елорда командасының капитаны кезекті мәрте қақпасын «құрғақ»сақтап қалды. Ненад ойын соңында клубтың баспасөз қызметіне матч туралы пікірімен бөлісті:
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты алаңда ойнау аздап қиындық әкелді. Дегенмен, маңызды жеңіске қол жеткіздік. Бізде бірінші таймда да, екінші таймда гол соғатын көп мүмкіндіктер болды. Ең бастысы жеңіске жеттік.
- Команданы төрт күннен кейін тағы бір қиын ойын күтіп тұр. Ол кездесуден не күтесіз?
- Бізді «Ордабасыға» қарсы маңызды, әрі қиын ойын күтіп тұр. Өкінішке қарай, біз үйдегі ойындарымызды «Астана Аренада» емес, сыртта ойнауға мәжбүрміз. Дегенмен, бүгін бізге жанкүйерлер тамаша қолдау көрсетті. Ойынға келгені үшін оларға алғыс айтамын. Оларды алдағы уақытта да жеңісімізбен қуантуға тырысатын боламыз.

Бас серіктес