kz

RU
KZ
«Астана» ойыншылары жанкүйерлермен кездесті
«Сарыарқа» ойын-сауық орталығының Marwin дүкенінде «Астана» футбол клубының жаңа ойыншылары Макс Эбонг, Тигран Барсегян және Пиерос Сотириу жанкүйерлермен кездесті.
00:00, 03 нау 2020


Футболшылар клубтың атқарушы директоры Пол Эшуорттың қолынан ойын жейделерін алып, жас бүлдіршіндермен үстел үстіндегі футбол ойнап, барлық қатысушыларға автограф берді.
Сондай-ақ, Тигран Барсегян қазақтың ұлттық салт-дәстүрі бойынша жас жанкүйердің тұсауын кесті.
Жалпы алғанда, кездесу өте жақсы атмосферада өтіп, «Астана» футбол клубының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық орнатты.
Аталмыш іс-шара клубтың әлеуметтік серіктесі «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қолдауымен өтті.

Бас серіктес