kz

RU
EN
KZ
Ресми: Денис Поляков – «Астана» ойыншысы
«Астана» футбол клубы Беларусь құрамасының қорғаушысы Денис Поляковпен келісімге қол қойды.
18 ақп 2022

Поляков белоруссиялық футболдың түлегі. Кәсіби футболдағы алғашқы қадамын солигорлық «Шахтерде» бастаған, ал 2012 жылы БАТЭ сапына ауысқан.

Денис Борисов клубының жейдесінде 200-ден астам матч өткізіп, 10 гол салып, 3 нәтижелі пас берген, сонымен қатар, 7 мәрте чемпиондыққа қол жеткізген. 2018 жылдың желтоқсанында ресейлік «Урал» командасына ауысқан.

Соңғы екі маусымды «Қайрат» құрамында өткізіп, Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын. Денис – әмбебап ойыншы, мансабында орталық қорғаушы позициясынан бөлек, қапталдағы қорғаушы, сондай-ақ, тіреуіш жартылай қорғаушы болып та өнер көрсеткен.

Денис Поляков
Туған күні: 17 сәуір, 1991 ж
Азаматтығы: Беларусь
Позиция: қорғаушы
Бойы: 184 см
Салмағы: 75 кг

«Астанаға» қош келдің!

Бас серіктес