kz

RU
EN
KZ
Ресми: Мұрат Тілешев – «Астананың» спорт директоры
28 жел 2021

Мұрат Тілешев – «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды

Футболдағы мансабын жамбылдық клубтан бастаған, еліміздің 9 клубында доп тепкен, 3 рет Қазақстан чемпионы атанып, ел біріншілігінің үздік сұрмергендер қатарынан көрінген Мұрат Әзімбекұлы бүгіннен бастап «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне кірісті.

Футболшы ретінде мансабын аяқтағаннан кейін «Қазақстан футбол федерациясы» ҚФФ және «Шахтер», «Ақтөбе», «Тұран» футбол клубтарында спорт директоры қызметін атқарды.

«Астана» футбол клубы Мұрат Әзімбекұлын «сары-көктер» қатарына қайта қосылуымен құттықтайды. Үздік «бомбардир» білімі, біліктілігі мен тәжірибесі арқасында команданы жеңіске жетелейтініне сеніміміз мол.

Бас серіктес