kz

RU
KZ
«Астана» ФК-ның ресми мәлімдемесі
11 мам 2025

Бұқаралық ақпарат құралдарында клубта бес айлық еңбекақы қарызы бар деген жалған ақпарат таралуда. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды және бас бапкердің атынан жарияланған мақала авторының ойдан шығарған мәліметі болып табылады. Иә, қазіргі уақытта клубта белгілі бір қаржылық қиындықтар бар, алайда бұл мәселелер жақын арада шешімін табады деп күтілуде — бюджет бекітіліп, қажетті нормативтік құжаттар мақұлданғаннан кейін.

SportQory қоры, өз тарапынан, бюджет бекітілгенге дейін клубқа жан-жақты қолдау көрсетуде, соның ішінде өз қаражаты есебінен қаржылық көмек те берілуде. Осы жағдайды түсіндіру мақсатында Қор басшылығы мен команда арасында кездесу өткізу жоспарланған. Аталған кездесу жақын күндері өтеді деп күтілуде.

Бас серіктес