kz

RU
EN
KZ
«Астана» футбол клубы франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорромен келісім-шартқа отырды
16 ақп 2022

Жереми өзінің мансабын Францияның «Реймс» командасында бастаған, алғашқы ойынын 2010 жылы өткізген. Содан соң, Болгария чемпионатында «Черноморец» пен софиялық «Славия» ұжымдары жейдесінде жалпы саны 80 матч өткізіп, 16 гол салып, 12 нәтижелі пасымен көзге түскен.

2018 жылы «Судува» командасымен Литва чемпионы атанды, ал келесі маусымда-ақ, сол елдің «Жальгирис» ұжымы қатарында күміс жүлдеге қол жеткізген.

Ол 2019 жылы павлодарлық «Ертіс» қатарын толықтырды. Ал соңғы қос маусымда қостанайлық «Тобылдың» намысын қорғады. Және командамен бірге былтырғы маусымда чемпионатта топ жарды. Жыл бойына команда сапында 44 ойынға шығып, 7 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанған болатын.

Жереми Манзорро
Туған күні: 11 қараша, 1991 ж
Азаматтығы: Франция
Позиция: жартылай қорғаушы
Бойы: 173 см

Бас серіктес